Daididau

  • ThePlus Audio

Қомыс (Шаңқобыз)

Беларусьтен келген жанкүйерлерден сыйлық

Қомыс — бұл Саха Республикасы (Якутия) халықтарының ежелгі музыкалық аспабы, оның тарихы мың жылдан асып кеткен. Бастапқыда қомыс шамандардың аспабы ретінде қолданылған, өйткені оның қасиетті музыкасы әртүрлі рәсімдердің ажырамас бөлігі болған. Якутия үшін қомыс бүкіл халықтың символы болып табылады.

Ежелгі уақытта қомыс жасау үшін найзағай соққан ағаш қолданылған, бұл ағаш "ойнайды" деп сенген. Қазіргі уақытта аспап металлдан жасалады. Оның ерекше шытырлаған дыбысы дірілдеген "тілше" арқылы пайда болады. Тілше біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Қомыс ойнау үшін басты мақсат — дыбыстың үйлесіміне қол жеткізу, музыканы тек құлақпен ғана емес, бүкіл денемен тыңдап, орындалған өнерге толықтай шоғырлану.

Димашқа сыйға берілген қомыс ерекшелігі — оның ғарышқа апарылған қомыс көшірмесі болуы. Бұл аспапты якуттық шебер Реворий Чемчеев жасаған.

2018 жылы Реворий Чемчеев Бақыттың ерекше дыбыстары атты қомыс туралы фильмге түсіп, итальяндық режиссер Диего Паскалдың басшылығымен қомыс жасап, оны кейін ғарышқа апарды. Әлемде барлығы 10 ғарыштық қомыс бар.