Дәрумендер мен аминқышқылдарына бай жаңа піскен көкөністер, көк шөп қосып жасалған салат арнайы қышқыл-тәтті тұздықпен дәмделеді
4200 ₸
«Бүтүге»
Баклажандар әбден қытырлақ болғанша қуырылады, оған қуырылған ет, ащы тұздық, кинза мен черри қызанақтары қосылады
4500 ₸
«Дәмді»
Салат сиыр тілінен жасалады. Тілді алдымен қайнаған сүйек сорпасына ұзағырақ бұқтырып алады. Сосын цукини туралып, бұқтырылады. Сиыр тілі цукини , гуакомолье тұздығымен және конкассе қызанағымен қоса беріледі.
4700 ₸
«Мұғалжар»
Сәл қуырылып, бұқтырылған жылқының жұмсақ етінен даярланатын дәм. Черри қызанағы мен көк шөптермен араластырылып, арнайы дайындалған зімбір мен райхан тұздығы құйылып ұсынылады.
5100 ₸
«Көңілашар» стейк салаты
Ерекше маринадталып, грильде қуырылған сиыр етіне, шоққа қақталған көкөніс пен қыша тұздығы қосылып әзірленетін дәмді тағам.
5500 ₸
«Көк салат»
Витаминге бай көк-жасыл салат. Құрамына салат жапырақтары миксі, көк бұршақ, авокадо, черри кіреді. Қышқылтым-тәтті тұздық қосылады. Көк жидекпен (голубикамен) әрленеді.
4200 ₸
«Ешкі ірімшігі қосылған асқабақ салаты»
Пісірілген асқабақ пен қызылшаға ешкі сүтінен жасалған ірімшік пен қыша шөбі араластырылып даярланатын тағам. Қышқылтым-тәтті дәмдеуіш және лимон қосылып ұсынылады.
4200 ₸
«Ақ құс» салаты
Тауықтың төсі тұзбен, бұрышпен және хош иісті шөптермен маринадталады. Одан соң грильде қақталады. Тары, қыша тұздығы, черри қызанағынан аралас салат жасалады. Соның бәрі дәмдеуіш қосылып, бір ыдысқа салынады.
4200 ₸
«Жеңіл» салаты
Қызанақтың үш түрі мен страчателла ірімшігіне райхан жапырағынан жасаған песто тұздығын қосып даярланатын тағам.
4600 ₸
«Жидекті орман» салаты
Қышқыл-тәтті тұздық салакис ірімшігі қосылған салатқа ерекше дәм береді. Орман жидектері, балғын құлпынай, және форель тілімдерімен бірге ұсынылады.
5600 ₸
«Керім-ай» салаты
Цитруспен бірге берілетін үйрек еті салаты. Үйректің сүбе еті тұз, бұрыш және дәмдеуіштермен маринадталып, сувид технологиясы бойынша қайнатылып пісіріледі. Содан соң сары майға қуырылып, апельсин кесінділері мен шие соусы қосылған микс салатпен бірге беріледі.
4700 ₸
Ыстық тағамдар
Түйе етінен әзірленген қуырдақ
Бұл тағам Қазақстанның басым бөлігінде танымал. Тағамды әзірлеу барысында түйе еті қазанда қуырылып, өз шырынында ұзақ уақыт бойы бұқтырылады. Картоп тілімдерімен бірге ұсынылады.
8500 ₸
Жалын отқа піскен бөдене еті
Бөдененің тұтас еті жалын отта әбден қызарғанша қуырылады, брокколи және бұрышты тұздықпен арнайы безендіріле отырып беріледі.
6800 ₸
«Зайсан»
Марал етінен дайындалған туралған котлеттер, шырынды әрі қанық дәмімен ерекшеленеді. Картоп және нәзік ірімшік тұздығымен ұсынылады.
Қазақстанның Шығыс өңірі фермаларында арнайы өсірілген үй маралының етінен жасалған қуырдақ. Өз шырынында ұзақ уақыт қазанда пісіріліп, балғын картоп бөліктерімен ұсынылады.
10500 ₸
Жылқы етінен әзірленген ши қуырдақ
Ұсақталып туралған жылқы еті, бауыр және өкпе ұзақ уақыт қазанда бұқтырылып, картоппен бірге ұсынылады.
7800 ₸
«Сиырдың сүбе қабырғасы»
Баяу бұқтырылған сиыр қабырғасы. Алдымен сиырдың қабырғасы маринадталып, ашық отқа қақталады. Одан соң шамамен сегіз сағаттай баяу отта бұқтырылады. Піскен соң қасына түсті қырыққабат қоса беріледі.
9500 ₸
«Ертоқым»
Қой омыртқасының төменгі, белдеме тұсындағы қысқа қабырға сүйектері мен оның жұқа майлы етпен қапталған тұсынан әзірленетін тағам. Ол ашық отта қақтала пісіріліп, жаңғық ұнтағымен әрленеді. Қасына картофельді гратен ұсынылады.
10500 ₸
«Ұлытау» ысталып-қақталған қазысы
Жылқының қабырғасынан істелген қазыны алдымен түрлі дала шөбімен маринадтап алады. Бабаларымыздан жеткен айрықша рецепт бойынша ысталады. Баяу отта 12 сағаттай бұқтырылады. Картоппен және ашқылтым чили тұздығымен қоса беріледі.
9500 ₸
«Қой жілігі»
Қойдың жілігі жылы суға шылана өңделіп, маринадталып, ұзақ уақыт пеште пісіріледі. Қырыққабат стейгі мен ысталған қаймақпен қоса беріледі.
10500 ₸
Жылқы етінен стейк
Жылқы етінің арқа бөлігі хош иісті дәмдеуіштермен маринадталып, ашық отта қызарып піскенше қақталады, шырыны мен қанық дәмін сақтайды.
10900 ₸
«Үйрек сирағы»
Құстың сирағы жебір (тимьян), тұз, бұрыш, сарымсақ қосыла маринадталады. Конфи технологиясы бойынша ұзақ, баяу бұқтырылады. Шие тұздығымен және картоп пюресімен бірге ұсынылады.
7800 ₸
«Сірне»
Қазақтың ұлттық тағамы, бағзы дәстүрлерден бастау алады. Ертеректе ыстық уақытта етті сақтау мүмкіндігі болмағандықтан, малды қазанға кейде тұтасымен асып пісірген. Асықпай пісірілген етке кейін құйқа қосып, баяу бұқтырған. Оған буға піскен қамыр мен жас картоп қосып береді.
9500 ₸
«Қой етінен әзірленген бал қуырдақ»
Қой етінен әзірленген ыстық тамақ. Дәстүрлі қазақ өмірінде қуырдақты мал сойған кезде қойдың балғын етінен жедел дайындаған. Өте дәмді, тойымды, нәрлі де пайдалы тағам.
9500 ₸
«Ұлтабар»
Тағам дәстүр бойынша ең алдымен құрметті қонақтарға (сый табақ) ұсынылады, алдымен ең үлкені дәм татады. Кейін ұлтабар екіге бөлініп, бір бөлігі келіндерге ұл тілеу ниетімен беріледі. Ол ет пен маймен толтырылып, қайнатылып, гарнир ретінде булгурмен бірге ұсынылады.
7500 ₸
«Балапан тауық еті»
Тұрқы шағын, бірақ етті, маринадталған балапан тауық тұз тұнбасына шыланып, одан соң маринадталады. Мангалда пісіріліп, тәшкен лимоны қосылып, көк шөп миксі және картоп езбесімен бірге салынып беріледі.
7800 ₸
«Белдеме» сиыр етінен стейк
Шырынды, майлы-тығыз «мәрмәр» еттен дайындалған, бұл тағам терең әрі қанық дәмімен ерекшеленеді. Ет өз сөлінде 21 күн жетілдіріліп, кейін хош иісті шөптермен, тұз және бұрышпен маринадталады. Ашық отта қақталып, ащы тұздықпен бірге ұсынылады.
9800 ₸
«Жылқы етінен әзірленген қуырдақ»
Қуырдақ – дәстүрлі ұлттық тағам. Жылқы етінен дайындалып, ірі кесектерге бөлініп қуырылады да, шамамен үш сағат бұқтырылады. Етке картоп шарлары қосылып, маринадталған пияз және көкпен бірге ұсынылады.
9500 ₸
«Қазақша ет»
Дәстүрлі қазақ асы. Қазақстандағы ең танымал, ең байырғы, бағзыдан келе жатқан ұлттық тағам түрінің бірі болып саналады. Еттен соң сорпа беріледі, кейде араластырып ішу үшін езілген сұйық құрт бірге ұсынылады.
7800 ₸
«Асату» рататуй гарнирімен
Бұзау етінің ең нәзік бөлігі қызарып қуырылады да, хош иісті шөптермен бірге пеште пісіріледі. Рататуй көкөніс гарнирімен ұсынылады.
9500 ₸
«Самалтау»
Бас аспаздың арнайы әзірленген авторлық тағамы. Қойдың тілі сегіз сағаттай баяу отта бұқтырылады. Жусай арнайы өңделіп, тұз бен бұрыш қосылып, одан жасыл түсті спагетти алынады. Бұдан бөлек, қасына құрттан жасалған мусс салынады.
8800 ₸
Салқын дәмтатымдар
Жылқы жүрегінен дайындалған паштет
Хош иісті шөптермен байытылған, отта баяу дайындалған таңдаулы деликатес. Кебекті қара нанның үстіне жағылатын нәзік паштет ретінде ұсынылады.
4500 ₸
Жылқы етінен тартар
Жылқы етінің нәзік бөлігі маринадталып, су-вид технологиясы бойынша дайындалады. Дижон қышасы мен пармезан эспумасымен дәмделеді.
3800 ₸
Көкөніс ассортиі
Жаңа піскен маусымдық көкөністерден жасалған жиынтық.
4000 ₸
«Құрмет» бапталған ет жиынтығы
Құрметті қонақтарға берілетін ұлттық тағам. Құрамына қазы, ысталған қазы, ысталған жая, ысталған сиыр еті, маринадталған зәйтүн жемісі, кептірілген томат пен өсімдік көгі кіреді. Бұл тағамды ортаға – топ адамға ұсынуға болады.
9300 ₸
«Құйрық - бауыр»
Құйрық-бауыр – қазақтың құдаласу рәсімінің байырғы рәміз-символы. Қазіргі таңда бұл тағам заманауи үлгіде ұсынылады. Біздің мейрамханада ол шие спагеттиімен бірге паштет түрінде беріледі. Кебекті қара нан қоса беріледі.
4500 ₸
«Майшабақ турамасы»
Майшабаққа пияз қосып, күріш қытырлағымен авторлық стильде ұсынылатын дәмтатым.
3600 ₸
«Берел» (жылқы майынан жасалған тартар)
Арнайы технологиямен маринадталып, қызыл бұрышпен, дәмдеуіш шөптермен нанға қосып ұсынылатын тартылған жылқы майынан даярланатын дәм.
4500 ₸
Ыстық дәмтатымдар
«Қыз алқа»
Туралған қой еті, шырынды шұжық түрінде ұсынылады.
6300 ₸
«Қүйқа»
Қой басынан дәстүрлі әдіспен дайындалған, тіл үйірер дәмі мен нәзік құрылымы сақталған таңдаулы деликатес.
Жылқы жүрегінен дайындалатын дәстүрлі тағам — үлпершек, бір ай бойы ұн тұнбасында тұздалады. Аңыз бойынша, анасы ұзатылған қызына үлпершек жіберіп, оның әрдайым ата-анасының жүрегінде екенін білдірген. Біздің нұсқада жүрек-үлпершек 12 сағат бойы сувид әдісімен дайындалып, «ризотто» салма-гарнирімен және көкпен ұсынылады.
5000 ₸
Көкөніс қосылып, бұқтырылған қарын
Бұл — таңдаулы деликатес: қарын тұзды ерітіндіде ұсталып, баяу отта қайнатылып, көкөністермен бірге бұқтырылады.
4300 ₸
«Өкпешаяр»
Ғұрыптық мәні бар тағам, ағайын-туысты татуластырып, отбасы бірлігін нығайту үшін ұсынылған. Дәстүр бойынша оны жасы үлкен әйел дайындап, дастарханға арнайы қонақтарға ұсынған. Ұн қосылған сүт өкпе қабына құйылып, баяу отта ұзақ пісіріледі. Дайын болған соң тұздықпен толықтырылып, жүгері орамасымен бірге беріледі.
4000 ₸
«Жілік май»
Қазақ халқының жеңсік асы – жілік май. Құрамы адам ағзасына қажетті пайдалы дәрумендерге, фосфор, мырыш, темірге бай. Тандыр пеште пісіріліп, сүйегіне тағамдық алтын жалатылып, уылдырықпен беріледі. Дәмдеуіш соуспен, көмбеш нанмен ұсынылады.
5500 ₸
«Бидай риззоттосы»
Бидайды қайнатып, бөктіріп, пармезан ірімшігін, ферменттелген жұмыртқа мен кілегей қосып дайындалатын авторлық тағам.
4000 ₸
«Өрме төс»
Жаңа отбасының құрылуын бейнелейтін мәні бар болғандықтан, бұл тағамды шаңырақ көтерген кезде күйеу жігітке арнап, қайын жұрттағы үйдің үлкен келіні әзірлейді. Қойдың төсін тұздап, дәмдеуіштер қосып, аш ішекпен өріп, баяу отта пісіреді. Дәмді тұздық қосып ұсынылады.
10500 ₸
«Мишұжық»
Мәртебелі меймандар мен сыйлы ақсақалдарға арнап қойдың миы мен сиыр тілі араластырылып дайындалатын тағам. Алдымен қойдың миы ұнға аунатылып, хош иісті майға қуырылады. Ал сиыр тілін қайнаған сүйек сорпасына бұқтырып алады. Содан соң бәрін бір ыдысқа салып, өсімдік көгі себіледі.
7000 ₸
«Әсіп»
Қазақ тағамы субөнімдерден және таңдаулы еттен дайындалып, өз шырынында ұзақ пісіріледі.
4500 ₸
Гарнирлер
Көмірде пісірілген көкөністер
3000 ₸
Гриль көкөністері
2500 ₸
Күріш
1500 ₸
Фри картобы
1500 ₸
Картоп езбесі
1500 ₸
Картоп шариктері
1500 ₸
Картоп гратені
2300 ₸
Булгур
1500 ₸
Нан өнімдері
Нан ассортиі
3500 ₸
Нан себеті
1600 ₸
Бауырсақ
1800 ₸
Ірімшік қосылған қаттама
2500 ₸
Көк пияз қосылған қаттама
2500 ₸
Сиыр етінен самса
2200 ₸
Жеті нан (ашытқы қосылған / ашытқысыз) Алдын ала тапсырыс бойынша дайындалады, 7 дана
Сорпалар
«Номад» сорпасы
Қанық жылқы етінен дайындалған сорпа, ысталған дәмімен ерекшеленеді. Қақталған ет пен қазы, бидай және жүгерімен толықтырылып, нәзік құрт муссымен ұсынылады.
4500 ₸
«Әсіп» сорпасы
Ұлттық тағам — әсіп, таңдаулы ет пен субөнімдерден дайындалады. Қанық сорпа және маринадталған пиязбен бірге сұйық күйде ұсынылады.
3500 ₸
«Ысталған ет салынған шұбат-көже»
Қазақтың бұл ыстаулы ет сорпа-көжесінің дәмі сізді керемет әсерге бөлері сөзсіз. Оның құрамына ысталған ет, бидай, жүгері, ысталған қазы, жая және жаңа сауылған шұбат кіреді.
4000 ₸
«Жайлау» кеспе көжесі
Дәстүрлі кеспе тағамы. Жылқының еті мен жұмыртқаның сары уызы араластырылған сапалы ұннан әзірленеді. Алдымен ет қайнатылып, ұзағырақ піседі. Одан соң кеспе түрінде туралған қамыр қосылып, өсімдік көгі себіліп ұсынылады.
3500 ₸
Тауық сорпасы
Хош иісті тауық сорпасы нәзік тауық сирағы мен үй кеспесімен дайындалып, балғын көкпен ұсынылады.
3300 ₸
Қой етінен әзірленген сорпа
Дәстүрлі қой сорпасы еттен дайындалып, көкөністер мен хош иісті көктер қосылады. Баяу отта ұзақ пісіріліп, қою дәмі мен хош иісі ашыла түседі.
4500 ₸
«Бөдене сорпасы»
Бөдене етінен әзірленген көже. Алдымен бөдене пісіріліп, оған қымыздық (щавель) қосылып, өсімдік көгі себіледі де, дастарханға тартылады.
4500 ₸
Балық тағамдары
«Балық сыбаға»
«Қазақша еттің» балықтан әзірленетін бірегей, ерекше түрі. Негізінен Батыс Қазақстан өңірінде, әсіресе Каспий теңізі мен Жайық өзені жағасын жайлаған Ақтау (Маңғыстау) мен Атырау тұрғындары арасында кеңінен таралған тағам түрі. «Қызыл балықтан» – бекіреден жасайтын төл тағам.
12500 ₸
«Көкөніс қосылған бекіре еті»
Жас көкөніс қосып ұсынылатын тағам. Құрамы: бекіре еті, ұсақтап туралған сәбіз, брокколи, түсті орамжапырақ, қоса берілетін қаймақ-лайм тұздығы. Бекіре еті пешке пісіріліп, көкөністер отқа шарпылады да, барлығы бір тәрелкеге салынып беріледі.
11000 ₸
«Қуырылған скумбрия»
Скумбрия балығы грилде қуырылады. Картоптан жасалған пюре пен жасыл май қосылып ұсынылады.
6500 ₸
«Фермадағы форель» стейгі
Форель, жасыл бұршақ, шпинат және лимон қосылған, нәзік кілегейлі тұздықпен ұсынылады.
8700 ₸
Көмірге піскен балық
Балқаш көксеркесі арнайы көмір қызуында пісіріледі, дайын күйінде пияз эспумасымен бірге беріледі.
5800 ₸
Арнайы тағамдар
2-3 күн бұрын алдын ала тапсырыс беріңіз
«Шарпыма» - Шыңғыс ханның сүйікті асы
Тас үстінде отқа шарпып пісірілген, Шыңғыс ханның сүйікті тағамы - «фламбадау» үлгісіндегі ет, жорықтар кезінде дайындалған тағам түрі. Дәстур бойынша, тағам ыдыс-аяқсыз, дала шөптері косылған табиғи таста, тірі отта дайындалады.
30000 ₸
Қой етінен жасалған, 6 адамға арналған «Қарын бүрме»
Көшпелі халықтың көне тағамының бірі. Қойдың асқазанына, яғни қарнына ет, көкөніс, дәмдеуіш салып пісіріледі.
75000 ₸
Жылқы етінен жасалған, 10 адамға арналған «Қарын қоржын»
Ішіне ет пен қазы салынып, жылқының асқазанынан, яғни қарнынан жасалған бұл тағам түрі ежелден жеңсік ас болып саналады, құрметті қонақтарға тартылады.
120000 ₸
10 адамға арналған «Той Табақ»
Мерекелік, дәстүрлі қазақ тағамы, құрметті қонақтарға ұсынылады. Бұл тағам құрамына жіліктеп асылған ет, «жал-жая», «шұшық», «казы», «қарта», «жамбас», қойдың басы, қайнатылған картоп және «тұздық».
150000 ₸
5 адамға арналған «Мерекелік қаз»
Хош иісті дәмдеуіштермен дайындалып, сыртқы қабаты алтын түске дейін қақталып піскен қаз еті, карамелденген алмамен бірге ұсынылады.
60000 ₸
6 адамға арналған, пеште пісірілген форель
Тұтас форель хош иісті шөптер мен лимонмен маринадталып, шырынды күйге дейін пісіріледі және гриль көкөністерімен бірге ұсынылады.
82000 ₸
Манты түрлерінен ассорти, 8 адамға арналған. Құрамында 40 дана.
Сиыр еті, түйе еті және асқабақ салмаларымен дайындалған манты ассортиі, буға пісіріліп, нәзік құрылымға жеткізіледі. Дәстүрлі тұздықтармен бірге ұсынылады.
40000 ₸
Десерттер
«Карамельді алма қосылған шоколадты торт»
Жұмсақ шоколадты бисквит, карамельге қуырылған алма және нәзік кремнің үйлесімі.
4000 ₸
«Теңіз маржаны»
Көкжидек пен нәзік мусстың үйлесімінен жасалған десерт.
4500 ₸
«Алмұртты»
Жұқа шоколадты қабат, алмұрт негізіндегі нәзік мусс және ішінде жұмсақ жеміс салмасымен жасалынатын десерт.
4000 ₸
«Ірімшік пен балқаймақ қосылған тоқбасар»
Үй ірімшігі нәзік кремге айналып, қаймақ қосылған қатпарлы қамырмен үйлеседі.
4000 ₸
«Саумал»
Жас қымыздан дайындалған жеңіл әрі нәзік мусс, ішіне шырынды маракуйя салмасы қосылады.
4000 ₸
Тары қосылған чизкейк
Балғын ірімшік пен Ақтөбе тарысы үйлесім тапқан десерт.
4000 ₸
«Махаббат»
Үш түрлі шоколадты мусстан жасалған десерт.
4000 ₸
Қазақ тәттілері
Қазақ тәттілер жиынтығы жаңғақ және мейіз қосылған жент, ірімшік, қоспа және құрттан тұрады.