Тассай 0,5
Құрма 2 дана
Бауырсақ 140 гр
Дәнді дақыл салат 216 гр
Тауық сорпа 320 мл
Қазақша ет 365 гр
Ірімшік пен балқаймақ қосылған тоқбасар 130 гр
Тары шай
Тассай 0,5
Құрма 2 дана
Бауырсақ 140 гр
Дәнді дақыл салат 216 гр
Тауық сорпа 320 мл
Қазақша ет 365 гр
Ірімшік пен балқаймақ қосылған тоқбасар 130 гр
Тары шай
Тассай 0,5
Құрма 2 дана
Бауырсақ 140 гр
Ақ құс салат 150 гр
Шұбат көже 320 мл
Жылқы қуырдағы 290 гр
Саумал десерт 110 гр
Тары шай
Тассай 0,5
Құрма 2 дана
Бауырсақ 140 гр
Көк салат 140 гр
Жайлау кеспе- көже 320 мл
Қой етінен әзірленген балқуырдақ 300 гр
Ірімшік пен балқаймақ қосылған тоқбасар 130 гр
Тары шай
Арнайы ашытылған үй сүтінен жасалған ірімшіктен, қызанақ пен көкөністерден әзірленеді.
Дәрумендер мен аминқышқылдарына бай жаңа піскен көкөністер, көк шөп қосып жасалған салат арнайы тұздықпен дәмделеді.
Халуми ірімшігі грильде қуырылады, микс-салат соуспен дәмделіп, жаңа інжірмен безендіріледі.
Баклажандар қытырлақ қабықшаға дейін қуырылады, қуырылған ет, дәмді соус, шие қызанақтары және жаңа кинза қосылады.
Ерекше маринадталып, грильде қуырылған сиыр етіне, шоққа қақталған көкөніс пен қыша тұздығы қосылып әзірленетін дәмді тағам.
Пісірілген асқабақ пен қызылшаға ешкі сүтінен жасалған ірімшік пен қыша шөбі араластырылып даярланатын тағам. Қышқылтым-тәтті дәмдеуіш және лимон қосылып ұсынылады.
Тауықтың төсі тұзбен, бұрышпен және хош иісті шөптермен маринадталады. Одан соң грильде қақталады. Тары, қыша тұздығы, черри қызанағынан аралас салат жасалады. Соның бәрі дәмдеуіш қосылып, бір ыдысқа салынады.
Балғын құлпынай мен ірімшік қосылған бұл салатқа тәтті-қышқыл соус ерекше дәм береді. Салат орман жидектері, күріш қытырлағы, салакис ірімшігінен даярланып, ақсерке балығының кесектерімен ұсынылады.
Қызанақтың үш түрі мен страчателла ірімшігіне райхан жапырағынан жасаған песто тұздығын қосып даярланады.
Бидай мен жүгері қайнатылып, жуылып, одан соң үстіне өсімдік көгі, пияз, жалбыз ұсақ етіп туралып араластырылады, лайм шырыны құйылып, шыланады.
Витаминге бай көк-жасыл салат. Құрамына салат жапырақтары миксі, көк бұршақ, авокадо, черри кіреді. Қышқылтым-тәтті тұздық қосылады. Көк жидекпен (голубикамен) әрленеді.
Цитруспен бірге берілетін үйрек еті салаты. Үйректің сүбе еті тұз, бұрыш және дәмдеуіштермен маринадталып, сувид технологиясы бойынша қайнатылып пісіріледі. Содан соң сары майға қуырылып, апельсин кесінділері мен шие қосылған аралас салатпен бірге беріледі.
Сәл қуырылып, бұқтырылған жылқының жұмсақ етінен даярланатын дәм. Черри қызанағы мен көкөніс шөптермен араластырылып, арнайы дайындалған зімбір мен райхан тұздығы құйылып ұсынылады.
Салат сиыр тілінен жасалады. Тілді алдымен қайнаған сүйек сорпасына ұзағырақ бұқтырып алады. Сосын цукини туралып, буланады. Сиыр тілі ыдысқа салынып, цукини қабаттарымен, гуакамоле тұздығымен және конкассе қызанағымен қоса беріледі.
Бөдене буға бұқтырылып, тұз тұнбасына шыланып, одан соң хош иісті шөптермен маринадталады да, әбден дайын болғанша пеште пісіріледі. Черри, Азия тұздығы қосылып әзірленіп, әрленеді.
Фермада өсірілген қазақтың ақбас бұқаларының қабырғасынан дайындалған тағам, птитим гарнирімен ұсынылады.
Бұзау етінің балғын бөлігі таңдап алынып, қуырылып, хош иісті шөптермен маринадталады, оған гарнир ретінде жаңа піскен сәбіз қоса беріледі.
Көмірге піскен қозы еті қуырылған бұрышпен және брокколиден жасалған мусспен безендіріле ұсынылады.
Ұсақтап туралған марал етінен котлеттер даярланады және де жұмыртқа қосыла, картоп езбесімен бірге беріледі.
Қазақстанның Шығыс өңірі фермаларында арнайы өсірілген үй маралының етінен жасалған қуырдақ. Өз шырынында ұзақ уақыт қазанда пісіріліп, балғын картоп бөліктерімен ұсынылады.
Ұсақталып туралған жылқы еті, және де бауыр ұзақ уақыт қазанда бұқтырылып, картоп гарнирімен ұсынылады.
Баяу отта піскен нәзік қоян еті сәбіз және картоп езбесі гарнирімен беріледі.
Үй үйрегі мен балапан еті конфи технологиясымен арнайы әзірленіп, алхоры мен жидек көбігі ерекше жолмен ұсынылады.
Тұрқы шағын, бірақ етті, маринадталған балапан тауық тұз тұнбасына шыланып, одан соң маринадталады. Мангалда пісіріліп, тәшкен лимоны қосылып, трюфель пастасы қосылған картоп пюресімен, сәбіз, черри және көк миксімен ұсынылады.
Жылқының қабырғасынан істелген қазыны алдымен түрлі дала шөбімен маринадтап алады. Бабаларымыздан жеткен айрықша рецепт бойынша ысталады. Баяу отта 12 сағаттай бұқтырылады. Картоппен және ашқылтым чили тұздығымен қоса беріледі.
Дәстүрлі қазақ асы. Қазақстандағы ең танымал, ең байырғы, бағзыдан келе жатқан ұлттық тағам түрінің бірі болып саналады. Еттен соң сорпа беріледі, араластырып ішу үшін езілген сұйық құрт бірге ұсынылады.
Бас аспаздың өзі әзірлеген авторлық тағам. Қойдың тілі сегіз сағаттай баяу отта бұқтырылады. Жусай арнайы өңделіп, тұз бен бұрыш қосылып, одан жасыл түсті спагетти алынады. Бұдан бөлек, қасына түйе сүтінен алынған мусс салынады.
Қазақтың ұлттық тағамы. Оны әзірлеу ерекшеліктері бағзы дәстүрлерден тамыр тартады. Ыстық уақытта қой сойылған кезде мол етті сақтайтын жер болмағандықтан, ата-бабамыз малды қазанға кейде тұтасымен асатын болған. Асықпай пісірілген етті кейін құйқа қосып, баяу бұқтырған. Оған буланған қамыр мен жаңа піскен жас картоп қосып беріледі.
Жылқының жағы – еті аса дәмді, нәрлі де пайдалы табиғи тамақ. Оны әзірлеу үшін жылқының жақ еті түрлі шөппен, тұзбен маринадталып, одан соң сегіз сағаттай баяу отта баппен бұқтырылады.
Картоп эспумасы мен көк шөптерден алынған май қоса беріледі.
«Қазақша еттің» балықтан әзірленетін бірегей, ерекше түрі. Негізінен Батыс Қазақстан өңірінде, әсіресе Каспий теңізі мен Жайық өзені жағасын жайлаған Ақтау (Маңғыстау) мен Атырау тұрғындары арасында кеңінен таралған тағам түрі. Каспий теңізі жағалауындағы жұрттың «қызыл балықтан» – бекіреден жасайтын төл тағамы.
Баяу бұқтырылған сиыр қабырғасы. Алдымен сиырдың қабырғасы маринадталып, ашық отқа қақталады. Одан соң шамамен сегіз сағаттай баяу отта бұқтырылады. Піскен соң қасына картоптан жасалған мусс қоса беріледі.
Құстың сирағы жебір (тимьян), тұз, бұрыш, сарымсақ қосыла маринадталады. Конфи технологиясы бойынша ұзақ, баяу бұқтырылады. Шие тұздығымен және трюфельді паста қосылған картоп пюресімен бірге ұсынылады.
Қуырдақ – дәстүрлі ұлттық тағам. Жылқы қуырдағын әзірлеу үшін жақсы ет пен қабырға сүйектері таңдап алынып, ірі қылып кесіліп-туралып, қуырылады да, үш сағаттай бұқтырылады. Қазіргі кезде оған картоп шақпақтары мен шарлары, маринадталған пияз бен өсімдік көгі қоса беріледі.
Нәрлі, майлы-тығыз («мәрмәр») еттен әзірленген, бірақ рибайдан гөрі майы аздау) бұл тағам құнарлы дәмімен ерекшеленеді. Ет өз сөлінде жиырма бір күн ұсталып, бабына келген соң хош иісті шөптермен, тұзбен, бұрышпен маринадталады. Ашық отқа қақталып, ащы тұздықпен бірге беріледі.
Сиыр етінің ең жұмсақ бөлігін ашық отқа қақтап, көкөніс салмасымен және ашқылтым тұздықпен бірге берілетін тағам.
Ұлтабар – малдың асқазанының жалбыршақ қарын мен он екі елі ішекке жалғасып біткен соңғы бөлігі. Оған ет пен іш майды толтыра салып, пісіреді.
Қой етінен әзірленген ыстық тамақ. Дәстүрлі қазақ өмірінде қуырдақты мал сойған кезде қойдың балғын етінен жедел дайындаған. Өте дәмді, тойымды, нәрлі де пайдалы тағам.
Қой омыртқасының төменгі, белдеме тұсындағы қысқа қабырға сүйектері мен оның жұқа майлы етпен қапталған тұсынан әзірленетін тағам. Бұл тағам қонақтарымызға тартылған дәмнің ерекше түрі болмақ. Ол ашық отқа қақтала пісіріледі, жаңғақ ұнтағымен әрленеді. Хош иісті тұзбен, бұрышпен маринадталып, картоптан жасалған гратенмен беріледі.
Қойдың жілігі жылы суға шылана өңделіп, маринадталып, ұзақ уақыт пеште пісіріледі. Ысталған қаймақ пен қырыққабат стейгімен бірге беріледі.
Қуырылған саңырауқұлақтар жұмыртқаның ақуызымен бабына келтіріле әзірленіп, буда пісіріледі.
Теңіз бен өзеннің үйлесімі. Ақтау бекіресі, Балқаш көксеркесі мен фермерлік алабалық өз үйлесімін тапқан, тіл үйірер дәмі бар тағам түрі
Қойдың қабырға етінен жасалған орама, ұзақ уақыт бойы бұқтырылады.
Күркетауық бауырынан жасалған нәзік мусс, мүкжидек джемімен бірге ұсынылады.
Анчоус қосылып, ірімшікпен жасалған шар тәріздес тағам, қуырылған бидаймен ұсынылады.
Баяу отта бұқтырылған жасыл мүк, аскөк және сиыр құйымшағынан жасалған.
Қышаға салынып маринадталған сиыр етінің кесегі отқа шарпыла пісіріледі. Содан соң ол теңіз өнімдерінен алынған тұздықтың үстіне туралады. Тұздықпен араластырылып, өсімдік көгі себіледі.
Арнайы технологиямен маринадталып, қызыл бұрышпен, дәмдеуіш шөптермен нанға қосып ұсынылатын, тартылған жылқы майынан даярланатын дәм.
Көкөністерден әзірленген дәстүрлі шығыс тағамы. Суға шыланып, жібітілген ноқат (нут) баяу от үстінде ұзағырақ пісіріледі. Сосын оған қуырылған күнжіт, көк пияз қосылады. Тағы бір қоспа – шоққа шарпылып, қақталған қызанақ қосылған бұрыш қоса салынады.
Құрметті қонақтарға берілетін ұлттық тағам. Құрамына қазы, ысталған қазы, ысталған жая, ысталған сиыр еті, маринадталған зәйтүн жемісі, кептірілген томат пен өсімдік көгі кіреді. Бұл тағамды ортаға – топ адамға ұсынуға болады.
Құйрық-бауыр – қазақтың құдаласу рәсімінің байырғы рәміз-символы. Бүгінде ол заманауи үлгідегі тағам ретінде ұсынылады. Біздің мейрамханада шиеден жасалған спагетти қосылып, паштет түріндегі бауыр күйінде тартылады. Кебекті қара нан қоса беріледі.
Қазақтың әйгілі ақбас сиырының жон етінің жұмсақ бөлігі арнайы өңделіп, сорықтырылып, туралып, содан соң ол майсыз сүттен алынған пармезан ірімшігіне оралып берілетін тағам.
Цитрус жемістері шырынында маринадталған бекіре балығына шортанның уылдырығын қосып даярлайды.
Бұл – тауық жүрегінен көкөністер, шие, орман жаңғақтары және сәл ашытылған қызғылт орамжапырақ қосып жасалған жаншыма.
Майшабаққа пияз қосып, күріш қытырлағымен авторлық стильде ұсынылатын дәмтағам.
Бөдененің тұтас еті жалын отта әбден қызарғанша қуырылады, картоп муссымен және бұрышты тұздықпен арнайы безендіріле отырып, беріледі.
Ірімшік муссы қосылып, пеште пісірілген бүтүге.
Сиыр қарыны тұзды сумен жуылып, баяу отта көкөністермен бұқтырыла берілетін жеңіл ас түрі.
Ашық отта сары майға пісірілген көкөністер миксі.
Жылқының біраз уақыт, тіпті ай бойы ұн ішінде сақталған жүрек қабына май, кесек ет, т.б. салып жасалатын тағам.
Дайындау әдісі: ұн араластырылған сүт өкпе қабына құйылып, баяу отта ұзақ пісіріледі. Әзір болған соң құрт муссымен жүгеріден жасалған орамаға салып ұсынылады.
Қазақ халқының жеңсік асы – жілік май. Құрамы адам ағзасына қажетті пайдалы дәрумендерге, фосфор, мырыш, темірге бай. Тірі отта дайындалып дәмдеуіш соуспен, көмбеш нанмен ұсынылады. Тандыр пеште пісіріліп, сүйегіне тағамдық.
Қазақтың бұл жеңсік асы малдың жылы-жұмсағынан, қоңды етінен өз сөлінде ұзақ бұқтырылып даярланады.
Жаңа отбасының құрылуын бейнелейтін мәні бар болғандықтан, бұл тағамды шаңырақ көтерген кезде күйеу жігітке арнап, қайын жұрттағы үйдің үлкен келіні әзірлейді. Қойдың төсін тұздап, дәмдеуіштер қосып, аш ішекпен өріп, баяу отта пісіреді.
Бидайды қайнатып, бөктіріп, пармезан ірімшігін, ферменттелген жұмыртқа мен кілегей қосып дайындалатын авторлық тағам.
Қойдың сирақтары көкөніс және өсімдік көгі қосылып, баяу отта баппен пісіріледі. Бұл тағам буын мен адам терісі үшін өте пайдалы. Маринадталған пияз қосып беріледі.
Мәртебелі меймандар мен сыйлы ақсақалдарға арнап, қойдың миы мен сиыр тілі араластырылып дайындалатын тағам. Алдымен қойдың миы ұнға аунатылып, хош иісті майға қуырылады. Ал сиыр тілін, қайнаған сүйек сорпасына бұқтырып алады. Содан соң бәрін бір ыдысқа салып, өсімдік көгі себіледі.
Марал етінен әзірленген консоме, қоймалжың сорпа қамырмен бірге ұсынылады
Кесек еттер мен маринадталған пияз салынған ұлттық тағам түрі, құнарлы сорпамен - сұйық түрде беріледі.
Қой етінің сорпасы дәстүрлі түрде ет, көкөніс, шөптермен бірге дайындалады. Қыздырып, қайнатып, берілетін авторлық тағам.
Тауық сорпасымен тауықтың сирағы, кеспе қоса беріледі. Оған өсімдік көгі себіледі, жеңіл тағам түрі болып саналады.
Дәстүрлі кеспе тағамы. Жылқының еті мен жұмыртқаның сары уызы араластырылған сапалы ұннан әзірленеді. Алдымен ет қайнатылып, ұзағырақ піседі, бұқтырылады. Одан соң кеспе түрінде туралған қамыр қосылып, өсімдік көгі себіліп ұсынылады.
Қазақтың тіл үйіретін бұл ыстаулы ет сорпа-көжесінің дәмі сізді керемет әсерге бөлері сөзсіз. Оның құрамына ыстылған ет, бидай, жүгері, ыстылған қазы, жая және сауылған шұбат кіреді.
Бөдене етінен әзірленген көже. Алдымен бөдене пісіріліп, оған жұмыртқа, қымыздық (щавель) қосылып, өсімдік көгі себіледі де, дастарханға тартылады.
Көксерке қуырылады, пияздан эспума жасалады, содан соң бәрі өсімдік көгі себілген ыдысқа салынып ұсынылады.
“Сувид” әдісімен дайындалған бекіре балығы, қаймақ және лайм шырыны қосыла, жас картоп гарнирімен беріледі.
Скумбрия балығы грильде қуырылады. Картоптан жасалған пюре мен жасыл май қосылып ұсынылады.
Құрамы: форель балығы, көк асбұршақ, лимон, апельсин тұздығы.
Балқаш көксеркесі саңырауқұлақтар және шпинатпен фаршталынған, көмірде пісіріліп, пияз эспумасымен бірге ұсынылады.
Бекіре, форель және көксерке төмен температурада дайындалып, жұмыртқа қамырына оралып, ақ мусспен бірге ұсынылады.
Балықты бастапқы формасына қайта келуі және барлық пайдалы нәрі мен әрі жойылып кетпеуі үшін біраз уақыт тұз тұбасына салып қояды. Одан кейін теңіз тұзына аунатып алып, отқа қақтаған соң ыстық күйінде бас аспаздың қолымен ұсынылады.
Тас үстінде отқа пісірілген, Шыңғыс ханның сүйікті тағамы - "фламбадау" үлгісіндегі ет, жорықтар кезінде дайындалған тағам түрі. Ет салқын жерде сақталып, нәтижесінде ет ерекші түрде нәзік болады. Дәстүр бойынша, тағам ыдыс-аяқсыз, дала шөптері қосылған табиғи таста, тірі отта дайындалады.
Ішіне ет пен қазы салынып, жылқының асқазанынан, яғни қарнынан жасалған бұл тағам түрі ежелден аса жеңсік ас болып саналады, құрметті қонақтарға тартылады.
Көшпелі халықтың көне тағамының бірі. Қойдың асқазанына, яғни қарнына ет, көкөніс, дәмдеуіш салып пісіріледі
Құрметті қонақтарға ұсынылатын мерекелік, дәстүрлі қазақ тағамы. Көшпенді қазақ халқының күнделікті тағам мәзірі денсалыққа өте пайдалы және қазаққа ғана тән қонақжайлығымен, кеңдігімен ерекшеленеді. Бұл тағам құрамына жіліктеліп асылған ет, "жал-жая", "шұжық", "қазы", "қарта", "жамбас", қойдың басы, қайнатылған картоп және "тұздық" кіреді.
Үш шоколадты мусстан жасалған десерт
Ақтөбе тарысы қосылған, сүзбелі ірімшіктен жасалған десерт түрі
Балғын таңқурай мен нәзік жидек мусы қосылған жұмыртқаның ақуызын дайындалған меренга
Тау балын, асқабақ, күнбағыс дәндерін, мейізді және күнжітті қосып арнайы рецепт бойынша дайындалған дәстүрлі "чак-чак" тәттісі
Қол ірімшігін блендермен езіп, крем жасап, оған қаттама қамыр мен балқаймақ қосқан десерт.
Жас қымыз ысталып, мусс алынады. Содан соң оған манго, вафли қиқымдары себіледі.
Қара шоколадтан шағын дөңгелек шар жасалып, ол езілген құрт креміне салынып, үстінен сұйық шоколад құйылады.