Фермада өсірілген қазақтың ақбас бұқаларының қабырғасынан дайындалған тағам, птитим гарнирімен ұсынылады.
Бұзау етінің балғын бөлігі таңдап алынып, қуырылып, хош иісті шөптермен маринадталады, оған гарнир ретінде жаңа піскен сәбіз қоса беріледі.
Көмірге піскен қозы еті қуырылған бұрышпен және брокколиден жасалған мусспен безендіріле ұсынылады.
Ұсақтап туралған марал етінен котлеттер даярланады және де жұмыртқа қосыла, картоп езбесімен бірге беріледі.
Қазақстанның Шығыс өңірі фермаларында арнайы өсірілген үй маралының етінен жасалған қуырдақ. Өз шырынында ұзақ уақыт қазанда пісіріліп, балғын картоп бөліктерімен ұсынылады.
Ұсақталып туралған жылқы еті, және де бауыр ұзақ уақыт қазанда бұқтырылып, картоп гарнирімен ұсынылады.
Баяу отта піскен нәзік қоян еті сәбіз және картоп езбесі гарнирімен беріледі.
Үй үйрегі мен балапан еті конфи технологиясымен арнайы әзірленіп, алхоры мен жидек көбігі ерекше жолмен ұсынылады.
Тұрқы шағын, бірақ етті, маринадталған балапан тауық тұз тұнбасына шыланып, одан соң маринадталады. Мангалда пісіріліп, тәшкен лимоны қосылып, трюфель пастасы қосылған картоп пюресімен, сәбіз, черри және көк миксімен ұсынылады.
Жылқының қабырғасынан істелген қазыны алдымен түрлі дала шөбімен маринадтап алады. Бабаларымыздан жеткен айрықша рецепт бойынша ысталады. Баяу отта 12 сағаттай бұқтырылады. Картоппен және ашқылтым чили тұздығымен қоса беріледі.
Дәстүрлі қазақ асы. Қазақстандағы ең танымал, ең байырғы, бағзыдан келе жатқан ұлттық тағам түрінің бірі болып саналады. Еттен соң сорпа беріледі, араластырып ішу үшін езілген сұйық құрт бірге ұсынылады.
Бас аспаздың өзі әзірлеген авторлық тағам. Қойдың тілі сегіз сағаттай баяу отта бұқтырылады. Жусай арнайы өңделіп, тұз бен бұрыш қосылып, одан жасыл түсті спагетти алынады. Бұдан бөлек, қасына түйе сүтінен алынған мусс салынады.
Қазақтың ұлттық тағамы. Оны әзірлеу ерекшеліктері бағзы дәстүрлерден тамыр тартады. Ыстық уақытта қой сойылған кезде мол етті сақтайтын жер болмағандықтан, ата-бабамыз малды қазанға кейде тұтасымен асатын болған. Асықпай пісірілген етті кейін құйқа қосып, баяу бұқтырған. Оған буланған қамыр мен жаңа піскен жас картоп қосып беріледі.
Жылқының жағы – еті аса дәмді, нәрлі де пайдалы табиғи тамақ. Оны әзірлеу үшін жылқының жақ еті түрлі шөппен, тұзбен маринадталып, одан соң сегіз сағаттай баяу отта баппен бұқтырылады.
Картоп эспумасы мен көк шөптерден алынған май қоса беріледі.
«Қазақша еттің» балықтан әзірленетін бірегей, ерекше түрі. Негізінен Батыс Қазақстан өңірінде, әсіресе Каспий теңізі мен Жайық өзені жағасын жайлаған Ақтау (Маңғыстау) мен Атырау тұрғындары арасында кеңінен таралған тағам түрі. Каспий теңізі жағалауындағы жұрттың «қызыл балықтан» – бекіреден жасайтын төл тағамы.
Баяу бұқтырылған сиыр қабырғасы. Алдымен сиырдың қабырғасы маринадталып, ашық отқа қақталады. Одан соң шамамен сегіз сағаттай баяу отта бұқтырылады. Піскен соң қасына картоптан жасалған мусс қоса беріледі.
Құстың сирағы жебір (тимьян), тұз, бұрыш, сарымсақ қосыла маринадталады. Конфи технологиясы бойынша ұзақ, баяу бұқтырылады. Шие тұздығымен және трюфельді паста қосылған картоп пюресімен бірге ұсынылады.
Қуырдақ – дәстүрлі ұлттық тағам. Жылқы қуырдағын әзірлеу үшін жақсы ет пен қабырға сүйектері таңдап алынып, ірі қылып кесіліп-туралып, қуырылады да, үш сағаттай бұқтырылады. Қазіргі кезде оған картоп шақпақтары мен шарлары, маринадталған пияз бен өсімдік көгі қоса беріледі.
Нәрлі, майлы-тығыз («мәрмәр») еттен әзірленген, бірақ рибайдан гөрі майы аздау) бұл тағам құнарлы дәмімен ерекшеленеді. Ет өз сөлінде жиырма бір күн ұсталып, бабына келген соң хош иісті шөптермен, тұзбен, бұрышпен маринадталады. Ашық отқа қақталып, ащы тұздықпен бірге беріледі.
Сиыр етінің ең жұмсақ бөлігін ашық отқа қақтап, көкөніс салмасымен және ашқылтым тұздықпен бірге берілетін тағам.
Ұлтабар – малдың асқазанының жалбыршақ қарын мен он екі елі ішекке жалғасып біткен соңғы бөлігі. Оған ет пен іш майды толтыра салып, пісіреді.
Қой етінен әзірленген ыстық тамақ. Дәстүрлі қазақ өмірінде қуырдақты мал сойған кезде қойдың балғын етінен жедел дайындаған. Өте дәмді, тойымды, нәрлі де пайдалы тағам.
Қой омыртқасының төменгі, белдеме тұсындағы қысқа қабырға сүйектері мен оның жұқа майлы етпен қапталған тұсынан әзірленетін тағам. Бұл тағам қонақтарымызға тартылған дәмнің ерекше түрі болмақ. Ол ашық отқа қақтала пісіріледі, жаңғақ ұнтағымен әрленеді. Хош иісті тұзбен, бұрышпен маринадталып, картоптан жасалған гратенмен беріледі.
Қойдың жілігі жылы суға шылана өңделіп, маринадталып, ұзақ уақыт пеште пісіріледі. Ысталған қаймақ пен қырыққабат стейгімен бірге беріледі.
Көксерке қуырылады, пияздан эспума жасалады, содан соң бәрі өсімдік көгі себілген ыдысқа салынып ұсынылады.
“Сувид” әдісімен дайындалған бекіре балығы, қаймақ және лайм шырыны қосыла, жас картоп гарнирімен беріледі.
Скумбрия балығы грильде қуырылады. Картоптан жасалған пюре мен жасыл май қосылып ұсынылады.
Құрамы: форель балығы, көк асбұршақ, лимон, апельсин тұздығы.
Балқаш көксеркесі саңырауқұлақтар және шпинатпен фаршталынған, көмірде пісіріліп, пияз эспумасымен бірге ұсынылады.
Бекіре, форель және көксерке төмен температурада дайындалып, жұмыртқа қамырына оралып, ақ мусспен бірге ұсынылады.
Балықты бастапқы формасына қайта келуі және барлық пайдалы нәрі мен әрі жойылып кетпеуі үшін біраз уақыт тұз тұбасына салып қояды. Одан кейін теңіз тұзына аунатып алып, отқа қақтаған соң ыстық күйінде бас аспаздың қолымен ұсынылады.
Тас үстінде отқа пісірілген, Шыңғыс ханның сүйікті тағамы - "фламбадау" үлгісіндегі ет, жорықтар кезінде дайындалған тағам түрі. Ет салқын жерде сақталып, нәтижесінде ет ерекші түрде нәзік болады. Дәстүр бойынша, тағам ыдыс-аяқсыз, дала шөптері қосылған табиғи таста, тірі отта дайындалады.
Ішіне ет пен қазы салынып, жылқының асқазанынан, яғни қарнынан жасалған бұл тағам түрі ежелден аса жеңсік ас болып саналады, құрметті қонақтарға тартылады.
Көшпелі халықтың көне тағамының бірі. Қойдың асқазанына, яғни қарнына ет, көкөніс, дәмдеуіш салып пісіріледі
Құрметті қонақтарға ұсынылатын мерекелік, дәстүрлі қазақ тағамы. Көшпенді қазақ халқының күнделікті тағам мәзірі денсалыққа өте пайдалы және қазаққа ғана тән қонақжайлығымен, кеңдігімен ерекшеленеді. Бұл тағам құрамына жіліктеліп асылған ет, "жал-жая", "шұжық", "қазы", "қарта", "жамбас", қойдың басы, қайнатылған картоп және "тұздық" кіреді.
Үш шоколадты мусстан жасалған десерт
Ақтөбе тарысы қосылған, сүзбелі ірімшіктен жасалған десерт түрі
Балғын таңқурай мен нәзік жидек мусы қосылған жұмыртқаның ақуызын дайындалған меренга
Тау балын, асқабақ, күнбағыс дәндерін, мейізді және күнжітті қосып арнайы рецепт бойынша дайындалған дәстүрлі "чак-чак" тәттісі
Қол ірімшігін блендермен езіп, крем жасап, оған қаттама қамыр мен балқаймақ қосқан десерт.
Жас қымыз ысталып, мусс алынады. Содан соң оған манго, вафли қиқымдары себіледі.
Қара шоколадтан шағын дөңгелек шар жасалып, ол езілген құрт креміне салынып, үстінен сұйық шоколад құйылады.